Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған лицензияның күшін жою туралы мәліметке ақпарат

736

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының университет лицензиясының күшін жою туралы шешіміне түсініктеме береді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында университеттің бас лицензиясынан айыру себептері туралы ақпарат жарияланды, онда білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің «Оқу үдерісін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, университетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты заң бұзушылықтар» болды деп атап көрсетілген.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің білім беру үдерісін ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты заң бұзушылықтар болды дегені шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткен жөн.
Университеттегі оқу процесін ұйымдастырудың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерінің және Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру ережелерінің талаптарына сәйкес келуін комиссияның 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап 14 ақпанына дейінгі алғашқы тексеру кезінде көрсетілгенінатап өту маңызды. Сәйкестік нәтижелері университетке профилактикалық бақылау нәтижелері туралы анықтамада жазылған. Демек, университетте оқу процесін ұйымдастыруда ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында өткен жоспардан тыс тексеру кезіндеуниверситет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша анықталған кемшіліктер толықтай жойылды.
Бұл университеттің жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы актідегі комиссияның қорытындысымен расталады.Бұл құжатта комиссия оқытудың барлық бағыттары бойынша түлектерді ЖОО-да өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру 50% -дан астам (бакалавриат — 87,2%, магистратура — 86,5%) құрайды, бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерінің 55-тармағына сәйкес келеді делінген болатын.
Комиссия мұндай тұжырымды университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамалары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-ның 2019 жылғы түлектердің зейнетақы жарналары туралы ақпараты негізінде жасады.
Университет қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі — бұл түлектерге деген сұраныс және жұмыспен қамту. Оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде түлектерді өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырудың айтарлықтай жоғары деңгейі университеттің білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің үміттерін ақтайтындығын, университет түлектері аймақтық еңбек нарығында сұранысқа ие екендігін көрсетеді деп ойлаймын.
Университеттің білім беру бағдарламалары облыстың жетекші кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің ұсыныстарына сәйкес әзірленген, тәжірибеге бағдарланған және жұмыс берушілермен келісілген. Білім беру бағдарламаларын (ББ) мамандандырылған ғалымдар ББ-ны Реестрге енгізу процедурасынан өткізеді және жыл сайын Қазақстан Республикасы ЖОО-ның ББ рейтингіне қатысады.
«Атамекен» ҰКП рейтингіне сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларының көпшілігінде жеткілікті тұрақты көрсеткіштер бар, сонымен қатар, университет білім беру бағдарламаларының сапасы мен мазмұнын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша пәндер енгізілді, тәжірибелі практиктер сабақ өткізуге тартылды.
Осыған орай, студенттер, магистранттар, докторанттар және олардың ата-аналары, сондай-ақ, жұртшылық мынаны түсінгендеріңізді қалаймыз:
— университеттің барлық жоспардан тыс тексерістері елдегі төтенше жағдай және Шымкенттегі карантинді күшейту кезеңінде жүргізілді;
— 3-ші жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) 2020 жылғы шілдеде шыққан жаңа талаптары бойынша жүргізілді;
— Тексеру барысында лицензиясынан айырылған АӘИУ-нен (Шымкент қ.) студенттер контингентін (6000-нан астам студенттердің ауысуына байланысты) көбейткен фактіміз екерілмеді. Олардан түскен шағымдар мен толқуларға байланыстыҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің өтініші бойынша (Сапарбекова Э.К.)аталмыш жоғары оқу орнының білім алушылары біздің университетке қабылданған болатын;
— Осы күндері оқу орнымызда университеттің жабылғандығы және студенттердің жеке ісі құжаттарын алып жатқандығы туралы жан-жақты қоңыраулар мен абыржулардың үлкен ағыны болуда. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарында «Tengrinews, NurKZ» және басқаларында олар студенттерді академиялық семестрдің аяқталуын күтпестен басқа ЖОО-ға ауыстыруға болады деп жазды!
— ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері процесс әлі аяқталмаған және сот аппелляциялық тәртіпте шешім шығарылмаған кезде университет лицензиясынан айыру туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында мерзімінен бұрын жариялау арқылы қандай қызығушылықты көздейді?! Бұл мәселелермен даудың осы сатысына түскен біздің адвокат (Жансеитова Л.М.) айналысады.
Біз соттың ізгілігі мен осы әкімшілік істі қараудың объективтілігіне сенеміз.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті — АРТА (НААР) — аккредиттеу мен рейтингтік тәуелсіз агенттігінің халықаралық және мамандандырылған аккредиттеу сертификатының иегері болып табылатын жоғары көреткіштегі университет.
Университеттің негізгі миссиясын орындау үшін оның білікті құрамы және ғылым-білім беру үдерісін заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуі, бәсекеге қабілетті ғылыми әлеуеті және жоғары білім деңгейі бар, бұл аймақ пен елдің қажеттіліктеріне сәйкес білім, ғылым және өндірісті интеграциялау арқылы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауға бағытталған оқу орны.
Университет студенттердің әлеуметтік мәселелерін белсенді шешетін аймақтық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, ректордың гранттары және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға,сонымен қатар, ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен дарынды және «Алтын белгі» иегерлеріне, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ғылым бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлеріне материалдық ынталандыруға бағытталған оқу ақысына жеңілдіктері бар. Соңғы 2 жылда 700-ден астам студент университеттен әлеуметтік қолдау алды!