Сабырбек Олжабай: «АРАНЫ» ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ..»

1369

«АРАНЫ» ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ..»
Ара келеді ұшып,
Қуанышын қойнына қысып.
Жемқорлар мен парақорға,
Түседі енді ұшық.
Жебірлер жыбырлай алмай қалады,
Сыпсыңбайлар сыбырлай алмай қалады.
Аларманның қолына шоқ түсіп,
Жандайшаптар қыбырлай алмай қалады
Жегендердің жегені,
Желкелерінен шығады.
Сараңдардың тыққаны
Сөмкелерінен шығады.
Бюрократтар бүк түседі,
Шіреңбайлар шік түседі.
Қыңырлар қысылады,
Қотырлар қышынады.
Қырттар қалтырайды,
Қорқақтар қашады.
Бəрін ібіліс басады.
Ара пырылдап ұшып жүреді;
Тырнағы ысып жүреді.
Арамзаларды шағады;
Содан жаны рахат табады.
Сондықтан тік тұрып;
Өзіміздің бірлігімізді ұқтырып,
АРАНЫ қарсы алайық,
Сөйтіп парасыз қоғамға.
Бірге барайық!
Араның қадамы құтты болсын!
Қоржыны мықты фельетонға толсын!