“ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ НЕ ІСТЕП ҚОЙДЫ?..”

663

“ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ НЕ ІСТЕП ҚОЙДЫ?..”
Бұл сауал бір бізді ғана емес, барша жұртты елеңдетті. Иә… Қазақ радиосының басшысы Ернұр Бурахан бүгін “жәй жатпай” әлеуметтік желі арқылы Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновке “үшбу сәлем” жолдапты.

Ернұр Бурахан, “Қазақ радиолары” ЖШС бас директоры:
Ұлт үні – «Шалқар» радиоарнасы Шымкент шаһарының қоғамдық орындарында қосулы. Оған дәлел Түркістан сарайы, Шымкент зообағы және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры. Бұл ұжым басшылары арнайы құрылғы орнатып, келушілерге радио тыңдап серуендеуге жағдай жасағанын Түркістан облысындағы тілшіміз Ерсултан Амирбек тікелей эфирге шығып көрсеткен болатын.

Сондай-ақ 52 мың халқы бар Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының орталық көшесінде Қазақ радиосы хабар таратуда. Ұлттың үнжариясына деген түркістандықтардың ыстық ықыласына мың алғыс!

Қазақ радиосын Шымкентте көпшілік орындарда қосуға «Жақсы ұсыныс, жүзеге асырамыз», — деп қолдау көрсеткен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлына, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанар Бектаева мен қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова алғысымыз шексіз.

Қазақ радиосы арқылы ұлттық қазынамыздан қанып ішіп, рухани қуат алуыңызға мүмкіндік артып келеді. Сүйікті толқыныңыздан ажырамаңыз!