Шымкент қалалық опера және балет театры мекемесіне  жаңа басшы болып Майра Мұхамедқызы тағайындалды!

1000

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  Шымкент қалалық опера және балет театрының жаңа басшысы болып тағайындалған Майра Мұхамедқызын мекеме қызметкерлеріне таныстырды.

Майра Мұхамедқызы — ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі, 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген

Майра Мұхамедқызының репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

Мара Мұхамедқызына жаңа қызметіне сәттілік, шығармашылық шабыт тілейміз. Бастамаңыз оң болсын!

ara24.kz