ЗАМАНАУИ ЖАҢҒЫРҒАН КІТАПХАНА

419

Іргетасы 2013- ші жылы қаланған, Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми — әмбебап кітапханасының директоры Дүйсебаев Дәурен Әуелханұлымен сұхбаттасқан едік
— Дәурен Әуелханұлы қаламыздың бас кітапханасы заманауи жаңарып жатыр екен сол жөнінде айтып берсеңіз?
— Шүкір дейміз, кітапхана толық модернизациядан өткізілді.Яғни, енді ол тек рухани, мәдени ошақ емес сонымен бірге ақпараттық- танымдық орталыққа айналып отыр.Атап айтар болсақ кітапхананың кіре беріс есіктрі ағаштан жасалған шығыс стиліне ауыстырылды.Ал, фоесіне ұлы ойшыл бабамыз Әл- Фарабидің зәулім ескерткіші орнатылды.Ары қарай Әл- Фараби залы басталады.Ол жерге бабамыздың бала, ересек және қартайған шағындағы мүсіндері қойылды.Қысқасы шағын мұражай деуге болатын бұл залға үш бірдей экспозиция орналастырылды.Мұнан бөлек сол фоеде Отырар қаласының макеті, Отырар, Оқсыз қалашықтарының суреттері және сол жерлерден табылған көне заттар қойылған.
— Кітапхананың кітап қоры, көлемі қанша?
-Қазірше қорымызда 408317 дана кітап болса, көлемі 4146 шаршы метрді құрайды.
— Әлемді шарпыған пандемия оқырмандар санына әсер етті ме?
— Сол пандемияға дейін кітапханаға жыл сайын 128000 оқырман келіп, тұрақты оқырмандар саны 18600 болатын.Өзіңізге белгілі карантиндік талаптарға сай біршама азайды.Мұның бәрі уақытша деп санаймыз.
-Әл- Фараби атау қашан берілді?
— Үкіметтің 799- шы қаулысымен 2020- шы жылдың 27-ші қарашасында берілді
— Қызметкерлер жөнінде айта кетсеңіз?
-10 бөлімде және кіші қызметкерлерді ( техни чкалар) қосқанда 90 адам қызмет етеді.
Қысқа нұсқа сұхбатыңызға рахмет!
Ә. Белгібай
«АRA24.kz”