“ДЕПУТАТ БОЛСАҢ БӘЙКЕНДЕЙ БОЛ…”

984

Шымкенттік депутаттар арасында қайырымда жандар баршылық. Соның бірі-Бәйкен Әшірбаев. Ол, қаладағы әлсіз саналатын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратып берді.
– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы өтіп жатыр. Соған қаламыздың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді Бәйкен Әшірбаев.
Қайырымдылық шарасында Еңбекші ауданы, Жұлдыз елдімекенінің тұрғыны Гүлсара Жоланова- “депутат болса, Бәйкендей қайырымды болса екен. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Алғыс арқалаған Бәйкен депутаттың ісіне береке берсін!
ARA-ақпарат
Фото: Самат Мырзалиев