ТАРИХИ КЕЗЕҢ ЕСЕБІ

1024

Кәрі тарихка ой көзімен үңілсек қас- қағымдай ғана деп саналатын 30 жылдың біз үшін орны әлбетте ерекше.Кеңес үкіметінің көбесі сөгіліп құрдымға кетіп барлық экономикалық байланыстар үзілген аса қиын кезең еді.Осындай қиындықтардан қорықпай тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекетті небір ,,абылай аспас асулар,,күтіп тұрған болатын.Шүкір, әр жылы ғасырға татыр, мехнатқа толы жылдарданда Тұңғыш Президентіміз Елбасының көреген де салиқалы саясатының арқасында аман есен өтіп дамыған елдердің қатарына іліктік.
Күні кеше Нұр- Сұлтан қаласындағы Назарбаев орталығында онлайн түрінде өткен ҚХА- ның 29- шы сессиясы ның ,,Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы’ деп аталуында да үлкен мән бар. Мұны, қиындығы мен қызығы қатар жүрген отыз жылға берілген баға, есеп десек те болады.
Аталған сессияда демократиялық үрдістерге сай, ерікті түрде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚХА- ның төрағалығы қызметіне Президентіміз Қ.К.Тоқаев лайықты деп тауып орнын босатты.Бұл ұсыныс Ассамблея мүшелері тарапынан қызу қолдау тапты.
Әбдімәлік Белгібай,
Түркістан облысы ”Қоғамдық келісім” КММ қызметкері, Түркістан облысы ҚХА-ның ,,Журналистер клубының” мүшесі