АБАЙ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

523

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштар, қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында жалпы 258 аула орналасқан. Қазіргі таңда Республика, Ю.Гагарин, Ғ.Иляеев көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары тазартылды. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес, атқарылуда.

Тазалық іс-шараларына «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ның 12 техникасы мен 78 қызметкері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, аулалардағы шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлім тарапынан қадағалануда.