Шымкент: Қаратау ауданының әкімі шағынауданның абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

396

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мердігер мекеме өкілдерімен бірге «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлер аулаларының абаттандыру жұмыстары барысымен танысты.

Кезекті аралау барысында аудан басшысы аталған аулада қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп, суғару құбырлары орнатылып жатқандығына куә болды.

Сондай-ақ, аудан әкімі абаттандырылып жатқан аумаққа көгал алаң жасау жұмыстарының сапалы жүргізілуін талап етті. Одан бөлек, жасыл желектер мен ағаш көшеттерін отырғызу бойынша да жұмыстарды назарға алуды тапсырды.