Шымкент: биыл 5 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

317

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен — Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елдімекендері газбен қамтуды қажет етеді.

Қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбе елдімекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қолы жетпек.

Жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісі 93%-ға жетеді.