Жол ережелерін сақтау керек

321

Ел Президенті айтқандай заңдылыққа сүйенген мемлекет болу үшін үлкен демей, кіші демей барлық құқық бұзушылықтарға жол бермей, мүмкіндігінше алдын алу, түсінік жұмыстарын жүргізу қажет. Шымкент ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік жүргізушілері арасында жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін және жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібін арттыру.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мен болдырмау, және заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға бағытындағы түсіндірме жұмыстары болып табылады. Алдағы уақыттада аталған іс-шара өз жалғасын табады.