Оңтүстік айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

388

Шымкент қаласында Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде (Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін).

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол-құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Жауапты мердігер мекеме – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолына қиылысатын бөлігінде жол өткелі, яғни көпір құрылысы салынуда.

Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.