Тіл мәртебесі — ел мерейі

1089

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі — ел мерейі» тақырыбында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен тіл мерекесі аталып өтті.

Мектеп директоры Б.Н.Усманов іс-шараны ашып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі, жас маман Ділдабек Ерасыл төл туындысын тарту етті.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.

Бүгінгі жас ұрпақ мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы.

Оқушыларды ұшқыр ой мен шешен тіл интеллектуалды ойынына шақырып, олардың алған білімдерін жинақтай отырып, шапшаңдық пен белсенділіктерін арттыра түсті. Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты-ұлттық сана сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.