Жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

609

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасы аясында үшінші мегаполисте бұл салада ілгерілеушілік бар. Шымкент қаласында соңғы үлгідегі спорт кешендері бой көтеріп, ел игілігіне беріліп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануға бар жағдайлар қарастырылан. Қаламыздың спортшы жастары республика деңгейіндегі жарыстарда бақ сынап, биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Осындай жеңіс сәтті бірі  Петропавл қаласында шайбалы хоккейден 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының II туры өткен болатын. Аталған сында Шымкент қаласының №8 қысқы спорт мектебінің шайбалы хоккей бөлімінің «Торнадо» командасы жеңімпаз атанды. Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырған сайыста шымкенттік жасөспірімдер үздік нәтиже көрсетті. Жарысқа «Торнадо» (Шымкент), «Бейбарыс» (Атырау), «Құлагер» (Петропавл), «Стрижи» (Алматы), «Олимп» (Ақтөбе) және «Молния» (Ақсу қаласы) командалары қатысқанын айта кеткен жөн.  Шымкент қаласының жасөспірім хоккейшілеріне алдағы уақытта байрақты бәсекелерде сәттілік тілейміз.