Егер ПТР сынама нәтижесі оң болса, оқшаулау мен карантин режимін қатаң сақтау қажет

295

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында №5 қалалық емхананың бас дәрігері Ж.Сейдалина аурудың асқынудағы ықтимал салдары туралы айтты.

– Көбінесе пациенттер ақылы емханаларға, дәріханалардағы емделу бөлмелеріне тікелей барады және емделушілер өз бетінше емделеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып айтқым келеді, барынша ұқыптылық танытып, жауапкершілікпен қараңыздар. Егер ПТР сынама нәтижесі оң болса, оқшаулау мен карантин режимін қатаң сақтаңыздар. Мобильдік топ дәрігері немесе емдеуші дәрігер тағайындаған клиникалық хаттамаға сәйкес емделу қажет екендігін, өзіңіз және жақын байланыстағылар туралы мәлімет беруді, учаскелік қызметкерлердің сұранысы бойынша карантиндік шараларды сақтау жөніндегі міндеттемелер туралы түбіртек беру, БСД қаулысының нұсқауларын орындауды тұрғындарға жеткізгім келеді, – деді Жібек Маратқызы.

Ал Шымкент Темір жол ауруханасының бас дәрігері Ж.Агишанованың сөзінше, алғашқы ауру белгілері анықталған жағдай антибиотикті мейлінше қолданбаған дұрыс. Ковид белгілері байқалғанда алғашқы медициналық көмекті емдеуші дәрігер тағайындаған клиникалық хаттамаға сәйкес қабылдау керек.

Айта кетейік, ем қабылдаудың дәлелденген нәтижесі:

– Дұрыс тамақтану;

– Физикалық белсенділік;

– Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (ибупрофен 200-400мг 5 күн (1200ден артық емес), дене қызуы жоғарылаған жағдайда парацетомол (38•С 2 күннен артық емес);

– Антикоагулянттар (ауру белгілеріне қарай-апиксабан 2.5мг күніне 2 рет 10күн бойы; немесе дабигатрин этексилат *110мг×күніне 2 рет 10күн бойы, ривароксабан *10мг күніне 1 рет 10 күн);

– Терапиялық қосалқы аурулары болған жағдайда ( КД, артық салмақ және тағы басқа).

Антикаогулянттарды қатаң түрде тек аймақтық дәрігердің тағайындауымен беріледі. Өз бетімен қабылдауға тыйым салынады.