Шымкент: Қаратау ауданының әкімі комиссия жұмысын пысықтады

467

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов «Shymkentcity» шағынауданындағы көпқабатты үйлердегі кемшіліктерді анықтау және ретке келтіру жөнінде құрылған аудандық комиссия жұмысын талдау мақсатында құзырлы мекемелер, комиссия мүшелерімен бірге мәжіліс өткізді.

Жиында аудан басшысы «Shymkentcity» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің сапасына бүгінде тұрғындар наразылығы туындап отырғанын жеткізіп, мердігер мекемелермен жедел жұмыстар жүргізуді құрылыс және тұрғын үй басқармасының жауапты өкілдеріне ұсынды.

Сондай-ақ, кездесуде үйлердің құрылыс жұмыстары кезінде орын алған кемшіліктер талқыланды. Нәтижесінде аталған кемшіліктерді ретке келтіруге 1 ай көлемінде уақыт берілетіндігі айтылып, кездесу қорытындыланды.

Еске салсақ, «Shymkentcity» шағынауданында бүгінде 37 көпқабатты үй орналасқан болса, комиссияның зерделеу жұмыстары 21 үйге жүргізілген. Шағынауданда жалпы саны 4000-ға жуық тұрғын бар.