“ЖОЛ-ЖӨНЕКЕЙДІҢ” КІНДІК ӘКЕСІ КІМ?..

431

Идея авторы өзім. ”Жол-жөнекей” авторлық жобасын түсіруді былтыр бастадық. Көрген кісілер жақсы екен десті. Тілеулестік танытты. Алайда, қолдай қойған ешкім болмады. Сөйтіп, жүргенде белгілі журналист” Уақыт” газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев әріптесіміз Шымкент қалалық мәслихатының су жаңа депутаты болып сайланды. Шын қуандық. Айтары бар жігіт. “Алла қолдаған істі, депутат қолдайтын шығар” деп , оған “Жол-жөнекей” жобасының мақсат-мұратын түсіндіріп, қолдау сұрадық. Оңтүстіктің тау-тұлғалары Мекемтас Мырзахметов, Ханбибі Есенқарақызы, Нармахан Бегалы, Мұхтархан Ділдабеков сынды зиялылармен сұхбаттасқан “Жол-жөнекей” жобасын көріп, депутат ретінде Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында қазынадан қаржы бөлуге пәрмен берді. Бұл-Талғат Балтабаевтың депутат ретіндегі қазақ руханиятына қосқан үлесінің бір парасы ғана деп есептеймін. Ол, қала бюджетінен биыл 200 млн теңгедей қаржы бөлдіріп, 19 жобаның жүзеге асырылуына тікелей атсалысты. Қазақ жұрты мен қазақ журналистикасына адал қызмет ете бергейсің Талғат бауырым! ”Жол-жөнекейдің” кіндік әкесі Көпен көкесі мен Талғат інісі болып тұр. “Жол-жөнекейдің” сүйікті көрермендері атынан екі кісіге елдің алдында рахмет айтқым келеді.

Ерсұлтан Әмірбек
“Жол-жөнекей” жобасының авторы