Талғат Балтабаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: “ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫМ…”

728

Сессия отырысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті тоғызыншы сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 15 мәселені талқылады.


Олар;
1. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебі.
3. Абай ауданы әкімінің жұмысы туралы.
4. Әл-Фараби ауданы әкімінің жұмысы туралы.
5. Еңбекші ауданы әкімінің жұмысы туралы.
6. Қаратау ауданы әкімінің жұмысы туралы.
7. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Шымкент қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы.
10. Учаскелік комиссиялардың ережесін бекіту туралы.
11. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы.
12. «Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және сан құрамын белгілеу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/4-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13. «Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
14. «Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/6-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
15. Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағаларының санын айқындау және оларды сайлау туралы.

Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.