«ТІЛ ТАБЫСҚАНДАР» КОМЕДИЯСЫ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛАДЫ

521
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма тетрында 29 қыркүйек күні сағат 15.00, 19.00-де жеңіл әзіл, астарлы қалжыңға толы Мар Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады.
«Тіл табысқандар» спектаклі — ауылдан келген әпкенің қала тіршілігіндегі сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін өз ана тіліне сөйлетуі жайлы бейнеленеді.
Аталған комедияның идеясы — жаһандану кезеңі белең алған ғасырда ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдырын насихаттау. Қойылымның қоюшы режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев.
Айта кетейік карантинге байланысты барлық мәдени іс-шаралар мен қойылымдар шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.
Билетті 77-10-43, 8 778 249 59 20 анықтама телефон нөмірен хабарласып алуға болады. Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.