«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру – басты мақсат»

321

Ағымдағы жылдың 29 қазан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру – басты мақсат» тақырыбында семинар өтті. Жиында Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Қарсыбай және аудан әкімі аппаратының басшысы, Ордабасы ауданының әдеп жөніндегі уәкілі М.Ақмұратов қоғамның басты дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ауылдық округі әкімінің аппараты жас мамандары арасында кеңінен насихаттады.
Осы орайда, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы И.Исхаков «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Есқараев жастарды қоғамда орын алып отырған сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша өз пікірін білдірді.
Жиын қонағы Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Қарсыбай мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның қоғамымызда мүлдем туындамау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды және алдын алу шараларын түсіндірді. Сөз соңында мекеме қызметкерлер мен жастардан сұрақ-жауап алмасты.
М.Ақмұратов Қ. Р. Президент қолдауымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қарқынды жұмыс атқарылып, түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, абройлы аттарыңызға кір келтірмей, Отан алдында жүктелген міндеттеріңізді адал атқару керек — деп қорытындылады.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған баспа ақпарат құралдарының көрмесі және жастар арасында қол күрестен спорттық жарыс ұйымдастырылды.