БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ — ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

300

Бүгін облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Бұл жұмыссыздар санын азайту үшін өткен үшінші жәрмеңке.

Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса тұрғын келді. Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі — 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы — 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.

Жәрмеңкеде алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы жұмыссыз тұрғындар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктен игі нәтижелерін шығатынын айтты. Сонымен қатар, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді.

Жәрмеңкеде неше үміткер жаңа жұмыс орындарына орналасқаны ертең белгілі болады.