«АЯҚТАЛАТЫН ЖҰМЫСТЫҢ СОҢЫНДА ЖҮРІП, АТҚАРЫЛАТЫН ТІРЛІКТІ ЕСТЕН ШЫҒАРЫП АЛМАҢЫЗДАР»

870

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бөлім басшыларымен өткен жиналыста осылай деді.

Тапсырмалардың орындалуы туралы есептер тыңдалғанда қала басшысы 2023 жылғы жоспарға бірінші кезекте енгізілетін мәселелерге арнайы тоқталды.

«Жұмыс жоспарын осы кезден тиянақтаңыздар. Құжаттарды рәсімдеу кешіктірілмесін. Ұсыныс сектор жетекшілерімен бірге дайындалуы тиіс.

Барлық мәселені өзектілігіне қарай зерделеп, жоспарлаңыздар», — деп, орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.