ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

352

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтерген.
Мерейлі мерекеге орай аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан игі шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.
Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Аудандық іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі