«ІЗЕТ ІНІДЕН- ӘДІЛДІК АҒАДАН» КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ
Бүгін, 20 қазан күні Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымы өкілдерімен бірлесе атқаратын іс-шара жоспарына сәйкес, қаладағы Төле би атындағы жалпы орта мектебінде қалалық мәслихат депуттары Ғ.Худияров және О.Сабырқызының қатысуымен кездесу шарасы болып өтті.
Кездесу барысында оқушыларға үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, әділептілік тәрбиесінде сөз қозғап, алда келе жатқан Республика күніне орай, қаламызда болатын іс-шараларға бірге атсалысуға шақырды.
Кездесудің соңы оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еркін форматқа ұласты.