СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

262

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті» атты Үшқайық ауылының «А.Үсенов» атындағы ЖОМ-де дөңгелек үстел өтті.

Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков, Үшқайық БПҰ-ның мүшелері мен білім саласының өкілдері қатысты.

Шара барысында партия мүшесі Г.Сартаева баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық ұғымына кеңінен тоқталып, оған қарсы күрес жүргізу қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады», — деді С.Асылбеков өз сөзінде.

Кездесуде  арнайы дайындалған бейне-ролик жиналған қауымға ұсынылды. Жемқор-лыққа қарсы иммунитет қалыптасатыру маңызды екенін айта отырып, С.Асылбеков шараға қатысушыларды бірлесе қоғам дертімен күресуге шақырып, кездесуді аяқтады.