ТҮРКІСТАНДА «АРДАГЕРЛЕР ЖЫРЫН» АРДАГЕРЛЕР ОРЫНДАДЫ

310

Республикалық Ардагерлер ұйымы-35 жылдығына орай ұйымдастырылған кеш соңында сахнаға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің Хор ұжымы және «Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесі жанындағы «Айғаным әже» хор ұжымы

шығып, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов мырзаның сөзіне жазылған (әні Ә.Әбдірайымовтыкі) «Ардагерлер жырын» орындады.

Дирижері- түркістандық өнер майталманы, ерекше дауыс иесі, әнші Қаламқас Утеуова.

Хорды тыңдаған барлық ардагерлер риза болып, өздеріне көрсетілген құрметке жауап ретінде, орындарынан тұрып, қол шапалақтады.

Республикалық Ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған осынау іс-шара керемет әсерлі өтті. Кешті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов мырза қорытындылады.

Арнайы ұйымдастырылған осынау шараға облыс әкімі Д.Сатыбалды мырза арнайы қатысып, көрме жұмыстарымен, іс-шара барысымен танысты.

Облыстық ардагерлер ұжымының жылдар бойы атқарған небір игілікті іс-шараларының тарихымен келген қонақтар да танысып, риза болысты.

Облыстық әкімдік барлық ардагерлер мен қатысушылардың құрметіне түскі ас берді.

Бақытты елдің ардагерлері де бақытты!

Республикалық Ардагерлер ұйымының 35 жылдық мерекесі жасасын!

Президентіміз Қасымжомарт Тоқаевтың өзі Түркістанға келген сапарында, осынау киелі де қасиетті өңірдің тұрғындарына бас иетінін, жастары жігерлі, қарттары қазыналы болатынына мән беріп, айтқан болатын.

Ендеше, қазыналы қарттарымыз, кешегі жас, бүгінгі ардагерлеріміз аман болсын!