АБАЙ АУДАНЫНДА ЕГІС КӨЛЕМІ 1,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТҚАН

242

Шымкент қаласының Абай ауданында 2022 жылы егіс көлемі 15,8 мың гектарға жетті. 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,8 мың гектарға артса, егіс көлемінен 42 мың тонна өнім жиналды. Атап айтқанда, 6,4 мың га дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), 2,5 мың га майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс), 1,6 мың га көкөніс пен бақша, 0,9 мың га картоп егіліп, 4,4 мың га аумаққа жоңышқа себілген.

Сонымен қатар, қалалық ауыл шарушылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылы өнімділікті арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына – 122 146,0 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 20 480,0 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердің құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген.

2022 жылы аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтар мен өндірістік кооператив мүшелері мемлекеттік қолдау шарасын тиімді пайдаланып, тиісті нәтижелерге қол жеткізді.
Айта кетсек, аудан аумағы көктемгі дала жұмыстарында 100 % ауыл шаруашылығы техникаларымен (тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштар, топырақ өңдейтін агрегаттар) қамтылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауданда жалпы өнім көлемі 21 млрд теңгені құрады.