ТҮРКІСТАН: 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАҚЫЛАУШЫ САЙЛАУДЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАДАҒАЛАЙДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі.
Осыған орай, Түркістан облысы бойынша 1 274 сайлау комиссиясы құрылды.
Олардағы жалпы комиссия мүшелерінің саны – 8 070. Бүгінгі күні барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толық жасақталған. Сонымен қатар, дауыс беру күні 941 сайлау учаскесінде 8 мыңға жуық байқаушы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекіткен қағидасына сәйкес, байқаушылар ұсынатын қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда сайлауға байқаушыларын жолдауға ниетті 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктерден аумақтық сайлау комиссияларына өтініштер түсті.