ПОЛИЦЕЙЛЕР СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

214

Күн жылынып, шомылу маусымы басталысымен өзендер мен су қоймаларында шомылғысы келетіндердің саны артады. Осы кездері қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерге қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар, соның ішінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тыйым салынған жерлерде шомылу жайттары жиі кездеседі.

Осыған байланысты Отырар аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ТЖД өкілдерімен бірлесіп, Сырдария және Арыс өзендерінің жағасында, сондай-ақ шомылу үшін белгіленбеген жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейд барысында полицейлер тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ полицейлер 20-дан астам тұрғынға ауызша ескерту берілді.

Сонымен қатар халық арасында суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ақпараттандыру және түсіндіру, балаларды қарау және шомылу ережелерін қатаң сақтау бойынша жаднамалар таратылды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар жаз маусымында суға бату мен адам өлімінің алдын алу мақсатында өткізіле бермек.