МАХМҰД САБЫРХАН – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

566

Алдыңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан (54 кг) бұл финалда сол кездегі қателіктерін қайталаған жоқ. Отандасымыз ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте бар шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады. Қазақ боксшысы осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшысын ұтқан.
Ұлттық құрама қоржынына 2-алтын жүлдені салған Махмұдты Қазақ елінің атынан құттықтаймыз!