ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНДА 500-ДЕН АСА ПАЦИЕНТКЕ ЖАҢА ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНАДЫ
Шымкенттік дәрігерлер ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісін қолдануда. Жаңа әдіспен дәрігерлер қауіпті топтағы азаматтарға профилактикалық емін жасап, аурудың алдын алуда.
ВИЧ-инфекциясын жұқтырмау үшін қазір емдеу мекемелерінде жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз – АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұру әдісі. Бүгінге дейін Шымкенттегі ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапияны қабылдаған.
–ДДҰ жүргізген нәтижелерде осы профилактика әдісі қолданылып, жұқтыру нәтижелері тіркелмеген. Шымкентетгі ЖИТС орталығында бұл әдіс 2021 жылы енгізілді.. Бүгінге дейін профилактика енгізілген науқастардың арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Бұл қатынасқа дейінгі профилактикалық ең алдымен жұқтыру қаупі басым топтарға жасалады. Олар күйеуі немесе әйелінде ВИЧ инфекциясы бар жұптың серігіне, есірткі қолданатындарға, секс қызметкерлеріне, бейберекет жүретіндерге және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетіндерге қолданылады, –дейді Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет МАШИРОВ.
Айта кетейік, Шымкенттегі ЖИТС орталығында қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Мамандардың сөзінше, жанасуға дейінгі терапия ВИЧ инфекциясын алдын алуда оң нәтиже беріп, инфекцияға шалдықандардың санын азайтуға көмегін тигізуде.
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, аурудың соңғы, терминальды сатысы. АИТВ адам ағзасындағы оппортунистикалық аурулар дами бастағанда иммундық жүйені белгілі бір жағдайға дейін әлсіретуі мүмкін. ЖИТС диагнозы әдетте CD4+ лимфоциттердің бұзылу салдарынан иммундық жүйенің үдемелі әлсіруіне әкелетін, адамда бір немесе бірнеше өте қауіпті аурулар дамығанда, АИТВ жұқтырғанан кейін бірнеше жыл өткен соң қойылады. Қазіргі таңда бар ретровирусқа қарсы терапия вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша АИТВ жұқпасының ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына кедергі келтіреді.
у қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді, және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.
Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие. Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет