ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

261
Бүгін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 2023 жылдың 5 қарашасы күні пилоттық режимде өткен облыстағы 4 аудан әкімінің сайлау нәтижесі бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Жеңіс Тілләбайұлының айтуынша, жалпы төрт аудан бойынша 12 үміткер бақ сынаған. Нәтижесінде Бәйдібек ауданы әкімін сайлау қорытындысы бойынша 9 379 дауыс жинаған «ERNUR» корпорациясы» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келген Ерлан Заиыпұлы Нұрмаханов сайланды. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы әкімін сайлауының қорытындысы бойынша Бахыт Нәсірханұлы Асанов сайлаушылардың – 29 338 дауысымен аудан әкімі болып қайта сайланды.
Бұдан бөлек, сайлаушылардың 16 016 дауысымен Созақ ауданының әкімі болып Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков сайланса, Шардара ауданының әкімі болып сайлаушылардың 18 259 дауысымен Арман Романұлы Қарсыбаев сайланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі