«ДӘУЛЕТАЛЫҰЛЫ БЕГАЛЫ АТА» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛДЕР АУДИТОРИЯСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

80

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айдана Сейдуәлі және ҚМДБ әйел-қыздар секторы, Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ -нің психолог маманымен бірлесе отырып, «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінде әйелдер аудиториясына «Жеңіс күні» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл мейрамның бізге маңызы қандай екенін, және ешкімде ештеңе де ұмытылмайтынын, балаларымызды адамгершілікке, Отанын сүюге оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру ,оларға патриоттық тәрбие беру керек екенін айтып өтті.