ЖАҚСЫ АДАМҒА ЖƏННАТТЫҢ ТӨРІ ДАЙЫН

512

Қайран, қажы аға!Əулиедей Əбсаттар аға! Бес күндік жалғанның белбеуін шешіп, жалаңаш күйде жарық дүниемен қоштасып жүре берді-ау.Күліп-ойнаған күллі пенде секілді ғұмырының соңында жалғыз өзі жалаңаш кеткенімен, артына қаншама рухани байлық қалдырды.Отырардан шыққан 30 Фараби мен Əулиеатада кіндігі кесілген 100 Таразиге асықты ма екен?
Жас кезімізден ағалы-інілі боп араласып ек.КазМҰУ-де Шығыстану факультетінің деканы боп жүргенде Сағыныш қызыма араб тілінен сабақ беріп, салиқалы маман қып дайындаған ұлағатты ұстазы еді. Мыңдаған шəкірттерінің миына имандылық ұялатқан ибалы ұстаздығы естен кете ме? Тұрмысқа шыққан қызыма батасын беріп, ағыл-тегіл ақ тілегін ақтарып айтқан асыл ағам ғой.Мүфти болды.Қуандық.Сондай бір сəтте «Қазақ əдебиеті» газетіне «Дінді білмеген дымды білмей ме» деген тақырыппен айқарма бет сұхбатымыз жарияланып, ашық-жарқын əңгімелесіп ек.Студент шағымызда Əбсаттар ағамның туған əпкесі Бағысбаева апай (Өмірбек Жолдасбековтің жұбайы) бізге «Русский языктен» дəріс оқып, шүлдірлетіп сөйлеуді үйреткен.Не дейін?Бақұл болыңыз, аға!»Жақсы адамға жəннəттің төрі дайын» дейді ғой.Жатқан жеріңіз жəннат болсын!Артында қалған бала-шаға, ұрпақтары мен ағамды алақанына салып ұстаған алтын жеңгеме көңіл айтамын.

Көпен ƏМІРБЕК
15.07.2021 жыл. Нұр-Сұлтан