ҮЗДІК МЕЙІРГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» №231 бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы 05 сәуіріндегі «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» №108 бұйрығы негізінде 12 — мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне арналған жоспары бекітіліп, іс шаралар өткізілді.
2024 жылғы 25 сәуір – 4 мамыр аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Жоғары медицина колледжінде «Мейірбике ісінің үздігі-2024» қалалық кәсіптік сайыс «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік стационар мейіргері», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронаж мейіргер» номинациялар бойынша өтті.
Барлық қатысушыларға және женімпаздарға диплом, сертификат және сыйлықтар тапсырылды. Қалалық сайысқа демеушілік көрсеткен «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіп одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалы (Агниязова Р.С.) және Қазақстан Республикасы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы (Оналбеков К.Т.).
15 мамыр күні Денсаулық сақтау басқармасының «Мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа моделі» конференциясында «Менторларға қойылатын заманауи талаптар», «Патронаждық мейіргерінің жұмысы», «Мейіргердің пациенттерді қолдау қызметіндегі жұмысы», «Үздік тәжірибелер орталығының жұмысы», «Жастар денсаулық орталығының жұмысын ұйымдастыру», «Иммунопрофилактикадағы заманауи талаптар», «Пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары» және т. б. маңызды тақырыптар бойынша практикалық денсаулық сақтау қызметкерлердің баяндамалары талқыланды. Конференцияға Шымкент қаласының мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарының басшылары, бас мейіргерлер, практикалық денсаулық сақтаудың 220 медицина қызметкерлері қатысты.
Денсаулық сақтау саласына еңбегін сіңірген білікті мамандарға:
— Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау саласының «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» 7 төс белгілері, 5 «Құрмет грамотасы», 5 «Алғыс хаты»;
— Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 13 «Алғыс хаты»;
— «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» 6 төс белгісі, «Денсаулық» оңалту орталығына 6 жолдама, 6 «Құрмет грамотасы»;
— Қазақстан Республикасы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» 5 төс белгісі, 10 «Құрмет грамотасы», 17 «Алғыс хат»;
— «Шымкент қаласының орта буын медицина қызметкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ «Мамандыққа адалдығы үшін» 6 төс белгісі, 4 «Алғыс хат»
патронаждық, стационарлық мейіргерлерге, фельдшерлерге, акушерлер және лаборанттарға тапсырылды.