Инклюзивтік мектеп әрқашан өзінің барлық оқушыларына оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Түркістан облысының тұрғындарының назарына инклюзивті мектеп мәдениеттердің алуан түрлілігі жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Инклюзивті білім беру процесі негізінде жатқан бұл тұжырымдамалық ережелер мектептің инклюзивті мәдениетін қалыптастыру ережелерін немесе тәсілдерін қалыптастырады. Инклюзивті мектеп мәдениеттердің алуан түрлілігін жаңа шындық ретінде қарастырады. Қазіргі заманғы мектеп әртүрлі этникалық топтар мен мәдениеттерге жататын, әртүрлі экономикалық және әлеуметтік мәртебесі бар, әртүрлі қабілеттері, денсаулық жағдайы, қызығушылықтары мен оқыту мақсаттары бар балаларды оқытуға дайын болуы тиіс. Осылайша, мектеп бірыңғай оқу жоспарымен және барлық балаларды оқытуға бірыңғай көзқараспен шектелмеуі тиіс.
Инклюзивті мектеп барлық оқушылар үшін білімге, дағдыларға және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай қол жеткізуді ұсыну әрбір оқушының таңдау еркіндігін қамтамасыз ете отырып, мүмкіндігін арттырады және білім берудегі кедергілерді жеңуге және мектеп өмірінің барлық салаларына қатысуға жағдай жасайды. Инклюзивті мектеп оқыту процесін дараландыруды сақтайды. Педагогикалық процессте инклюзивті мектеп мұғалімдері әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады, бұл ретте жеке қажеттіліктерге, қабілеттер мен оқушыларды оқытудың мақсаттарына сәйкес оқытуды дербестендіруге қол жеткізеді.
Инклюзивтік мектеп әрқашан өзінің барлық оқушыларына оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Инклюзивті мектеп жұмыстың командалық стилін пайдалануды көздейді. Бірде-бір мұғалім өте көп түрлі балаларды оқыта отырып, табысқа жете алмайды: оған әріптестерінің тарапынан көмек қажет болады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының, мектеп әкімшілігінің мүшелерін қоса алғанда, әртүрлі мамандардың командалық жұмысы әр баланың дамуында ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі және шынайы мектеп қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Инклюзивті мектеп отбасылармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Барлық мүдделі тараптардың мүшелерін мектеп қызметіне қатысуға тарту мектеп қауымдастығын кеңейтуге алып келеді және мектеп қызметіне қосымша ресурстарды тарту көзі болып табылады. Инклюзивтік мектеп әр оқушыдан білім алуда табыстар күтеді. Оқытушылар әр оқушыға сенуі, оның қабілеттері мен дарындарын лайықты бағалауы тиіс. Әрбір баладан, оның қандай да бір мәдениетке, тілге, қабілетіне, денсаулық жағдайына немесе отбасылық жағдайларға жататынына қарамастан, табыс пен жетістіктер күтеді.