Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың салалары

60

Түркістан облысының тұрғындарының назарына даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың салалары жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Олардың ішінде сурдапедагогика — есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді. Одан бөлек, тифлопедагогика — көру  кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді. Сонымен қатар, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін тәрбиелеу және оқьту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін зерттейді. Одан бөлек, логопедия — тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппараты кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерін зерттейді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру — күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар — күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі. Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім беруді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмккішіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгеруі де оқушылардын арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру кабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді