Ересектерге мүгедектік қалай тағайындалады?

56

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігі шектеліп, қандай да бір ауруға, жарақатқа, жаралануға байланысты немесе олардың зардабынан денсаулығы нашарлаған адам екендігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Egov.kz порталындағы мәліметтерге сүйеніп, ересектерге мүгедектікті белгілеу жолдарын ұсынамыз. Мүгедектікті тағайындау тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.

Алдымен сізге тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымдағы өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бару керек. Ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдама алыңыз

Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, ағза қызметтерінің тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық басталған кезден бастап немесе диагноз қойылған сәттен бастап сізді МӘС-ке жібереді.

Бұл тізімге анатомиялық ақаулары бар және ағза қызметінде айқын білінетін бұзылулары бар адамдар кірмейді.

МӘС қорытындысын алыңыз

МӘС бөлімінің мамандары адамды қарайды, оның ағза қызметінің бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін, оның ішінде еңбек ету қабілетін бағалайды және ұсынылған құжаттарды қарайды. Соның негізінде сараптамалық қорытынды шығарады.

МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ кей жағдайларда ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссиясының) қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай емдеуде тұрған жері бойынша жүргізіледі.