Отырар музей қорының бастауы

26

«Отырар» мемлекеттік ар­хео­логиялық музей-қоры­ғын­дағы сақталынып жиналған тарихи жәдігерлердің негізі ар­хео­логиялық заттардан тұ­ра­ды. Музей негізі алғаш­қы қаланған кезде негізгі жә­­дігерлер этнографиялық зат­­тардан құралған болатын. Бертін келе музейдің іргесі ны­ғайған мекеменің негізгі құры­­лымы археологиялық заттар басымдылыққа ие бола бас­­тады. Оған басты себеп өңірі­­мізде археологиялық ес­керт­кіш­­тердің көптеп орналасуы жә­не 60-жылдардың ая­ғынан бастап Отырар өңірінде кезеңді археологиялық зерттеу жұ­­мыс­­тарының қарқынды жүр­гі­зілумен тура келді.

Музей адам атанған музей­дің негізін қалаушы Асантай Әлімов музей жұмысын жанданды­ру­дың негізі археологиялық жә­дігерлерден тұратындығын же­­те түсінген. Сол мақсатта мек­­теп жанынан оқушылардан тұ­ра­­­тын археологтар клубын ашып жұмысын жандандырады. Бірінші бастамасы өңі­рімізде орналасқан тарихи ес­керткіштерді аралаудан бастап ескерткіш тарихын білуге үл­кен мән берген. Археологиялық қазба жұмыстары басталғанда осы үйірме мүшелерімен қазба жұмыстарына қатыса отырып та­рихи жәдігерлермен музей қо­рын молайтудың алғы шарт­­­­тарын жасады. Ол кездегі тәртіп бойынша қазба барысында та­был­­ған заттардың бәрі Археология институтына апарылатын болған. А.Әлімов табылған заттарды мүм­­кіндігінше музейге қал­дырып музей қорын молай­туға бар жігерін салған.

Сол мақсатта қазба жұмыс­тарына белсене арласа отырып қазбаның қыр сырына мән бере бастады. Ең алғашқы ар­хео­логиялық зерттеу жұ­мыс­тарына белсене араласқан ес­керткіші Қыркескен жерлеу орын­дары болатын. Қыркескен қазіргі Темір станциясының солтүстігінде қыратты жерде орналасқан. Табиғи желдің жа­уын шашынның әсерінен бұзылу процесіне ұшырап жат­қан болатын. Ескерткіш­тің маңыздылығын түсінген А.Әлімов оны қорғау және зерттеу маңыздылығына көңіл бөліп архео­логиялық мамандардың да назарын аудартты. Белгілі ар­хео­лог Бекен Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен жүргізілген зе­рт­теу жұмыстарына қатысып археологиялық зерттеу жұ­мыс­тарының қиыншылығы мен маңыздылығының нәти­жесін сезінді. Жерлеу орындарының бірнеше топқа бөлінетіндігін анықтап, жерлеу барысында мәйітпен бірге жерленген көп­теген жәдігерлерді тап­қан. Саздан жасалған ыдыс­тар мен жебе ұштарының түр­­лерін ерекшеліктерін анық­тап, бұл ескерткіштің I-IV ғғ. кезең­­деріне қатысты екендігі нақ­­ты­­ланып, осы өңірде өмір сүрген халықтардың тұрмыс-тір­­ші­­лі­­гінен көп мәліметтер алу­­ға мүмкіндік болды.

Жерлеу орындарының ба­ғыт-бағдарына, мәйіттердің жат­қы­зылу түріне қарай сол кездегі халықтардың жерлеу мәдениеті туралы біраз мәліметтер жи­нақ­талды. Керамикалық ма­териал­дырды зерттеу барысын­да қолөнер мәдениетінің өр­­­­­кен­деуінің, саз бұйымдардың жа­­­са­­лыну технологиясының ал­ға жылжығандығын көре біл­ген.

Отырар қалашығындағы қаз­­ба жұмыстарына қатыса оты­­­­­­­­рып ортағасырдағы қала мә­­дениетімен танысып қаз­­ба материалдарын жинақ­тауды жал­­­ғастырды. Отырар қала­­шы­­­ғының құрылыс қабат­тары­­нан табылған жә­дігер­лерді сараптау ісіне араласа оты­­рып қала мәдениетінің да­муында қолөнердің ерек­ше­лігіне мән берген. Әр ғасыр кезеңдерінде тұрмыста қол­­данылған заттардың қыз­мет­­тік функцияларына қарай жік­­теп үлкен хумдардың, кіші құ­мыраларды, сырлы ыдыстар коллекцияларын жинақтай оты­рып музей қорына алынуын қамтамасыз етті. Сол кезде ес­кі ғимараттағы музейдің қор сақтау әлеуетінің нашарлығына қарамастан қазба материалдарын жинақтап сақтауда үлкен еңбек атқарды. Музейдің үлкен ғимараты қолданысқа берілген­де жинақталған археологиялық жәдігерлер музейдің экспозиция залына қойылды. Сонымен қа­тар жаңа ғимараттың қор сақтау әлеуетінің артуымен халық арасында этнографиялық емес ар­хеологиялық заттарды көптеп жинап сақтауға мүмкіндік ашыл­ды. Қор сақтау бөлімінің мең­герушісі қызметін атқара отырып тарихи жәдігерлерді жинақтауда асқан жігерлілікпен жұмыс істеді. Археологиялық қаз­ба жұмыстарында табылған көптеген жәдігерлерді музей қорына алып қалуға да үлкен үлес қосты. Осылайша Отырар музей қорының бастауының қа­лыптасуы мен дамуының басы қасында жүрді.

 

Досхан ЖҰМАХАНҰЛЫ,

Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері.