ОТЫРАРДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 53 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тап­сыр­ма берген болатын. Бұл бағыттағы жұ­мыстар өңірімізде жүйелі түрде іске асып келеді. Мәселен Отырар ауданында  мемле­кет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы техника­лары­ның 53 пайыздан астамы жаңартылған.

Таяуда аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарын көріп, шаруалармен кездесті. Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруақожалығында болған ау­дан басшысы ондағы ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту жобасымен таныс­ты.

Шаруақожалық иесі жоба аясында 284 млн. теңгеге Lovol GK120C комбайны мен Кировец K-7M K-743, Lovol TD1304, Lovol TD1054, Беларус 82,1 тракторларын сатып алып, қосымша 10 адамды жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер заманауи техникалар­дың көмегімен шаруашылығын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Аудан әкімі аудан экономикасын дамыту­ға сеп болатын осындай жобаларды қолдау­ға дайын екенін айтып, кәсіпкердің жұмы­сы­на сәттілік тіледі.

Айта кету керек, жалпы аудан бойынша 979 ауыл шаруашылығы техника­лары тіркелген. 2023 жылы 87 ауыл шаруашылы­ғы техникалары жаңартылған болса, 2024 жылы бұл көрсеткішті 97-ге жеткізу жос­парланып отыр.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.