ТҮРКІСТАНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

42

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» Республикалық командалық

штабтық оқу-жаттығуы өтті.

 

«Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқару штабы құрылып, барлық азаматтық қорғау күштері мен басқару органдары жоғары дайындыққа жұмылдырылды.

 

Оқу-жаттығу барысында су тасқыны қаупі бар аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша шаралар пысықталды.