АЛЫБЫ ЕЛДІҢ – ЕР БЕКЗАТ

Бүгін Түркістан қаласы Фараб кітапханасында даңқты боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған танымдық-тағылымдық апталық іс-шараның ашылуы өтті.
Шараға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық мәслихат депутаттары Қалыйма Жантөреқызы мен Бекарыс Шойбеков, сондай-ақ батырдың анасы Сырлыкүл Шойбекова қатысты.
Іс-шара барысында Бекзатты ұлықтайтын әндер шырқалып, өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ чемпионның тағдыры мен ерлігіне арналған арнайы қойылым қойылды. Бекзат Саттарханов – қазақ спортының алтын есімі. Оның жеңісі, рухы, өшпес ерлігі – өскелең ұрпаққа мәңгі өнеге!