ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТТЕРІ

Ауданымызда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Дөңгөлек үстел» форматындағы рухани танымдық семинар өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз төрағалық етіп, қоғамдық ұйым жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, тарих пәнінің мұғалімдері және жастар қатысып, аталған тақырып аясында баяндамалар жасалды.
Семинар барысында ақсақалдар мен ел ағаларының өткеннің өкінішті тарихи кезеңдері туралы а тағлымы мол естеліктері айтылды. Тарихшылардың ұжымдастыру кезеңіндегі «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранымен ашаршылық құрбандары мен ұлтымыздың қаншама қабырғалы арда тұлғалары солақай саясаттың құрбанына айналғандығы жөнінде келелі ой пікірлері ортаға салынды.
Жиынды қорытындылаған Илияс Тұрнияз «Тарих өткеннің сабағы» екеніне, бүгінгі таңда егеменді еліміз төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түскен ел атанып отырғандығына, мемлекетіміздің өсіп өркендеу жолында барша азаматтардың маңдай тері мен адал еңбектерінің үлесі зор екендігіне тоқталып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу тек бір күнмен шектеліп қалмай, осы тұрғыда тарихи ізденістер мен насихаттау жұмысттары тұрақты түрде жүргізіліп отыратындығын айтып өтті.