ТҮРКІСТАНДА «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР МАРАФОНЫ ӨТТІ

85
Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өтті. Марафонның негізгі мақсаты – жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, патриоттық сезімді арттыруды, бірлік пен тұрақтылыққа көңіл бөлу, ел тарихын ұлықтау, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай соғыс және тыл ардагерлеріне тағзым ету. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен ауқымды акцияға ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдары, «Жас сарбаз» қозғалысының белсенділері, қоғам белсенділері мен пікір көшбасшылары қатысты.
Шара барысында эстафетаны Қызылорда облысынан арнайы келген делегация Түркістан облысына салтанатты түрде табыстады. Эстафетаны Түркістан облысы атынан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов қабыл алды. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов бастаманың маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақтың бойына патриотизмді сіңіру басты міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, қариялар «Ардагер өсиеті» хатынан үзінділер оқып, баталарын берді. «Ардагер өсиеті» марафоны маусым-қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірін аралап, өз мәресіне Астана қаласында жетеді. Соңғы нүктеде өсиет хат арнайы қорғалып, елордада сақталатын болады.

Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай «Еңбек еткен адам ғана патриот. Жалқаулар патриот бола алмайды. Өйткені, па­триот­ деген ұлы ұғым. Отанды сүю рәміздерден басталады. Мәселен, Мемлекеттік ту. Әлемдік тарихқа қарайтын болсақ, бір тудың астына жиналған әрбір халықтың өз елін қорғағанын немесе елінің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін шайқастарға шыққанын көреміз. Біздің Мемлекеттік туымыздың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың түсінің көгілдірлігі халқымыз алға қойған мақсаттарға жету үшін бірігудің жоғары және игілікті идеясы бар екенін білдіреді. Ал жұлдызды шаңырақ бейнеленген Елтаңба ортақ үйіміздің символын білдіреді-бұл бейбітшілік пен туған жерді қауіп-қатерден қорғаудың ежелгі үлгісі. Патриотизмді ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды. Патриот-өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті тәжірибесі патриотизмнен ұлтшылдыққа өтудің қауіпті екенін, сондай-ақ өзге халықты кемсітпей, өз еліңді сүю қажеттігін нақты көрсетіп берді. Осындай бағдармен өмір сүру қажет». Жас ұрпақты мемлекетін сүюге, құрметтеуге, қажет жағдайда қорғауға үндеген осынау сөздер оларды жігерлендірері хақ. Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық — мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз — жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым — қатынасты білдіреді деген ұтымды ойлары айтылды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін — өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.