АБАЙ — ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

42

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде хакім Абайға арналған мерейтойлық іс – шаралар аясында «Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» атты ауқымды мерекелік іс – шара өтті.

Іс – шараны ашып беру үшін алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрниязға берілді.

«Абайдың ұлағаты мен мұрасы — біздің елдік бірлігіміздің, рухани жаңғыруымыздың алтын арқауы. Оның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» — деген сөзі ұлт бірлігінің, татулық пен ынтымақтың асқақ ұраны. Абай шығармалары адам баласына қай кезде де, қай қоғамда да қажет болатын ғибраттарға толы. Президентіміздің «Адал адам және еңбек адамы» идеялары да — Абай шығармаларымен терең байланыста. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» — деген, ұлы ақынның ұлағаты бүгінгі қоғамымыз үшін ерекше маңызды. Елімізде Абай мұрасын ұлықтау — мемлекеттік деңгейде жүргізіліп келе жатқан маңызды идеологияның бір бөлігі. «Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы»,-деп сөз саптаған әкім орынбасары баршаны Абайдың даналығын, адамгершілік тағылымын берік ұстанып, жастардың бойына сіңіруге шақырды.

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Абайдың ақыл-өсиеттері мен адамгершілік қағидалары қазіргі қоғамның негізгі ұстанымдарына айналғанын, Абай данамыздың терең ойлары мен ғибраттары еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің алтын тамыры екенін атап өтті.

Концерттік бағдарламада одан әрі Абай данамыздың әндері шырқалып, өлеңдері мен қарасөздері оқылып, тақырыптық компазициялар және сахналық қойылымдар қойылып, ауданымыздың өнерпаздары салиқалы әрі жарқын өнер көрсетті.

Бұл концерттік бағдарлама ауданымызда ұлы ақынның мұрасын насихаттаудың көркемдік деңгейі жоғары әрі ауқымды шарасы болды.