ЛИДЕРЛЕР АЛАҢЫ

51

Бүгінгі буын жастар– ертеңгі елдің тірегі.

Ауданда 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай аудан активтері мен жастар арасында кездесу өтті.

Жиынға ауданымызда түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді жас мамандар, полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, белсенді әрі өз саласының үздік жастары, медицина саласының жас қызметкерлері қатысып, алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрниязға берілді. Жастарға ізгі лебізін білдірген аудан әкімінің орынбасары «кездесуіміз өзара ашық пікір алмасу мен пайдалы ұсыныстар алаңына айналады деп сенемін»,-деді.

Одан әрі аудан жастары аудан басшылығы мен сала қызметкерлері тарапына сұрақтар қойып, еркін форматта пікір алмасты.

Сонымен қатар жас көшбасшылардың бірі, жастар саясаты, волонтерлік қызмет, экология және әлеуметтік жобалар аясында бірқатар бастамаларды жүзеге асырып, қайырымдылық пен өзара қолдауды насихаттау бағытында түрлі жобаларды үйлестіріп жүрген Қарақат Қалдарбекова да тың пікірлерін ортаға салды.

Бүгінгі «Лидерлер алаңы» тақырыбындағы кездесу ел болашағы саналатын жастардың бойына отансүйгіштік пен еріктілік рухын дарытуға бағытталған ерекше басқосу болды.