МАРЖАН БИЗАҚ — ƏЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

16

Армения астанасы

Ереван қаласында

жауынгерлік самбо кү-

ресінен Əлем кубогы жо-

лындағы жарыс аяқтал-

ды. Қазақстан ұлттық

құрамасы сапында 59 кг

салмақта өнер көрсет-

кен Маржан Бизақ

Əлем кубогының иегері

атанды!

Ал өңірлесіміз Аз-

ман Амаева қола ме-

дальға ие болды.

Жанкүйерлер жеңімпаз

атанған спортшыларды

Шымкент əуежайынан сал-

танатпен қарсы алды.

Əлем кубогы жарысына

5 құрлықтың мықты деген

500-ге тарта спортшыла-

ры қатысты. Құрама са-

пында мықтылық танытқан

59 кг салмақта жекпе жекке

түскен Ордабасылық Мар-

жан Бизақ өзімен бел-

десуге шыққан 15 спорт-

шының арасынан керемет

өнер көрсетіп, рингке шық-

қан мықты деген Украина,

Ресей жəне Түркменстан

елінің спортшыларын же-

ңіп, алтыннан алқа тақты. Осыған орай жеңім-

паздарды қарсы алуға Шымкент қаласының

спорт жанкүйерлері мен

Ордабасы ауданының

самбо күресі шеберлері

қатысты.

Еліміздің намысын

қолдан бермей, Көк туы-

мызды биікте желбіретіп

қайтқан спортшыларды

Шымкент қаласы спорт-

тық жəне жауынгерлік

самбо күресі федера-

циясының президенті

Əмірханов Бейбітқазы

Құрметқазыұлы арнайы

құттықтап, жеңімпаз спорт-

шыларға алдағы жарыстар-

да биіктерге жете беруін

тіледі!

Ордабасы ауданы спорт-

шыларын бастап барған

аудандық спорт саласының

қызметкері Мақсат Төлешов

ауданнан шыққан спорт-

шылардың Əлемді бағын-

дыруы күш атасы Қажымұ-

қанның рухы екендігін атап

өтті.

Əлемді бағындырған Мар-

жанның бұл екінші жарысы

екен. Өткен жарыста екінші

болып қалған Маржан бұл

жолы бар күш-жігерін салып,

бапкерлерінің сенімін ақтағанын айтып, қуаны-

шымен бөлісті.