“АИДА БАЛАЕВАҒА БІР-ЕКІ МӘСЕЛЕ АЙТТЫМ….”

56


Бүгін Шымкентте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықпен кездесті. Жеке қабылдау жасады. Кірдім. Журналист не айтады? Журналистиканың жай-күйіне байланысты бір-екі мәселе айттым. Біріншісі былай…

Құрметті Аида Ғалымқызы!
Менің сұрағым мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың аясында болып отыр. Жалпы, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 2022 жылдан бері министрлікпен бектіліген арнайы Қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқандығын өзіңіз білесіз. Осыдан бері түрлі мәселелер, көптеген сұрақтар әлі күнге дейін туындап келе жатыр.
Солардың бірі өңірлердегі БАҚ-тар арасында мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнына қатысты болып отыр. Бұған да қатысты түрлі пікірлер мен түсініпеушіліктер бар.
Себебі, әр өңірде баға әртүрлі. Телеарнадағы 1 минуттың құны немесе, газет-журналдардағы 1 шаршы сантиметрдің құны немесе сайттардағы 1 символдың құны әр өңірде әркелкі.
Одан бөлек, жергілікті деңгейдегі баға бір бөлек, республикалық деңгейдегі баға тағы бір бөлек екендігін айтқан жөн.
Өзге өңірлердегі әріптестерімізбен сөйлескенде сұрасақ, олар мынанша теңге дейді, екінші өңірдегі әріптестеріміз мынанша теңге дейді, ал бізде баға олардан әлде қайда төмен. Әр жақта баға әртүрлі! Айырмашылығы да әжептеуір.
Сондықтан, Министрлік тарапынан осы мәселе бірыңғай ретке келтірілсе деген өтінішміз бар, өңірлердің барлығына телеарнаның 1 минуты үшін, мерзімді басылымдардың 1 см2 үшін, сайттардың 1 сиволы үшін бірыңғай баға белгіленіп, бұйрықпен бекітілсе дейміз.
Сонда ешкімде ешқандай күмәнді сұрақтар туындамас еді, түсініксіз мәселелер орын алмас еді, барлық БАҚ-тар бірдей бағамен жұмыс жасайтын еді.
Одан бөлек, бұл мәселе БАҚ өкілдерінің ғана емес, құқық қорғау органдарының да түрлі сұрақтары мен күмәндарын тудыратын көрінеді.
Мысалы, өткен жылы бізге естіген ақпараттар бойынша, өңірлерде Прокуратура органдары осы мәселені тексере келе, бір өңірді басқа өңірлермен немесе министрліктің бағаларымен салыстыра келе, неге сендерде жоғары баға қойылған, ал басқа жақта төмен баға қойылған деген мәселе көтеріп, тиісті шаралар қабылдап, әкімшілік іс қозғауға дейін барған екен.
Сондықтан, осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық тарапқа бірдей талап болса, бірыңғай баға бекітілсе ешқандай мәселе болмас еді деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіреді.
Бұл өз кезегінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдарға өңірдің ерекшелігіне қарай бағаны айқындау дербестігін қамтамасыз етеді”-дедім.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханымға рахмет! Мұқият тыңдап, зерттеп-зерделеп, назарға алатынын айтты.
Екінші мәселе Қазақ радиосына байланысты болды. Оны бөлек постта жазам.