ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР «ҚОЛЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТ» ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ

15

Түркістан облысына қарасты қос ауданның шалғай елді мекендері интернет желісіне қосылды. Бүгін Қазығұрт ауданы, Өгем қолжетімділігі қиын елді мекені интернет жүйесіне қосылды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асты.

Онда ғарыш байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдық пункттерге дейін спутниктік арналарды ұйымдастыру» мақсатында «Jusan Mobile» АҚ тарапынан жергілікті тұрғындарға қоғамдық Wi-Fi интернетін тарататын OneWeb спутниктік жүйесінің станциясы орнатылды. Осы күні Түлкібас ауданы, Иірсу шалғай елді мекенінің тұрғындарына да интернет желісі жетті.

Қазіргі уақытта спутниктік Wi-Fi интернет желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.