НАШАҚОРЛЫҚ – БОЛАШАҒЫҢА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ

25

​Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде қала аумағындағы білім ошақтарында оқушылар мен студенттерге есірткінің зардабы, нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кезекті іс-шара қаламызда орналасқан Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде өткізілді.

Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап көрсетілді.

​Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.

​Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлық. Бұл тек бір адамның емес, бүкіл елдің болашағына қауіп төндіретін қасірет. Есірткіге әуестену – денсаулыққа ғана емес, адамның өміріне, отбасына және қоғамға орасан зиян келтіретін әлеуметтік дерт.

Негізгі бөлім

Нашақорлықтың негізгі себебі – жастардың қызығушылықпен, ойланбай әрекет етуі немесе жаман ортаның ықпалына түсуі. Көптеген жасөспірімдер алғаш рет есірткіні “қызық көру”, “басқалардан қалмау” үшін байқап көреді. Бірақ бұл сәттік әлсіздік кейін өмір бойы өкінішке айналады.

Есірткі адамды рухани әлсіретеді, ерік-жігерінен айырады, денсаулығын бұзады. Оның зардабы тек өзіне ғана емес, отбасына, жақындарына, қоғамға тиеді. Есірткіге тәуелді адам жұмыс істей алмайды, оқуын жалғастыра алмайды, тіпті кейде қылмыс жасауға дейін барады.

Мемлекет тарапынан нашақорлықпен күрес мақсатында көптеген жедел-профилактикалық іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары, есірткіге қарсы акциялар өткізіліп келеді. Мысалы, «Есірткіге жол жоқ», «Біз – салауатты өмірді қолдаймыз» сияқты акциялар қоғамның назарын осы мәселеге аударуға бағытталған.

Қорытынды

Нашақорлық – адамның өмірін ғана емес, ұлттың болашағын жоюшы күш. Әр адам өз денсаулығына, өміріне жауапкершілікпен қарауы қажет.